1. «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Топар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік коммуналдық мекеме) үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі бөлігі, өзіне бекітілген аумақта тұратын барлық азаматтарға мемлекеттік стандарттар шеңберінде мемлекет кепілдендірген тегін білім алу, жалпы білім беру функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
2. Мемлекеттік коммуналдық мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Мемлекеттік коммуналдық мекеме 2014 жылғы 21 қазандағы Алматы облысы Балқаш ауданыдық әкімдігінің №172 қаулысы негізінде құрылды.
4. Мемлекеттік коммуналдық мекеменің құрылтайшысы Алматы облысының әкімдігі (әрі қарай - Құрылтайшы) болып табылады. Мемлекеттік коммуналдық мекеменің мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік меншік құқығын Құрылтайшы жүзеге асырады.
5. Тиісті салаға (аяға) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Мемлекеттік коммуналдық мекемені басқаруды жүзеге асыратын орган «Алматы облысының білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқару органы) болып табылады.
6. Мемлекеттік коммуналдық мекеменің толық атауы: «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Топар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
7. Мемлекеттік коммуналдық мекеменің тұрған жері: индекс 040317, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Топар ауылы, Бөлтірік көшесі, №19 ғимарат.